Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Бизнес мектебінің студенті Қасенова Дильназ Дидарқызы (25-БУТ-2 тобы) «1С:Бухгалтерия 8» бойынша XII Қазақстандық кәсіби байқаудың финалында жеңіске жетіп, 2026 жылдың абсолютті жеңімпазы атанды және 1 500 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленді.
Байқау бухгалтерлік есеп саласындағы дарынды жас мамандарды анықтауға, олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және бухгалтерлік есепті автоматтандырудың заманауи ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Байқау сынақтарының қорытындысы бойынша Дильназ жоғары деңгейдегі кәсіби даярлығын, «1С:Бухгалтерия 8» бағдарламасын жетік меңгергенін және бухгалтерлік есеп саласындағы практикалық міндеттерді тиімді шеше алатынын көрсетті.
Сонымен қатар, студент жыл сайынғы студенттік 1С жарыстары аясында өткен «1С:Бухгалтерия 8» халықаралық кәсіби байқауында үздік нәтиже көрсетіп, абсолютті жеңімпаз атағына ие болғаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Дильназдың бұл жетістігі ШҚТУ Бизнес мектебінде студенттердің еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға, практикалық дағдыларын дамытуға және болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған білім беру сапасының жоғары деңгейін айқын көрсетеді.
Байқаудың сүйемелдеуші серіктесі - «1С-Рейтинг» ЖШС.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Қасенова Дильназ Дидарқызын лайықты жеңісімен құттықтап, оқуда табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілейді!