2025 жылғы 21 шілде – 3 тамыз аралығында Қазан федералдық университетінде «Жазғы университет» жобасы аясында Азия университеттері қауымдастығының VII Азия студенттік форумы өтті. Аталған шараға Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 4-курс студенті Кириченко Даниил қатысты.

Оқу Халықаралық қатынастар, тарих және шығыстану институтының (ИМОиИВ) тарих факультетінде өтті. Жазғы университеттің бағдарламасы мазмұнды әрі бай болды: жетекші оқытушылар мен сарапшылардың тақырыптық дәрістері, шеберлік сабақтары, семинар-практикумдар, интерактивті пікірталастар және мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар тарих, халықаралық қатынастар, мәдениет және өркениетаралық байланыстардың өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігіне ие болды.

Оқу сабақтарынан бөлек, студенттер Қазан қаласы мен Татарстан Республикасының тарихи және мәдени орындарына экскурсия жасап, достық кештеріне, спорттық жарыстарға және мәдениетаралық диалогты дамытуға бағытталған жобаларға қатысты.

Даниил үшін «Жазғы университет» жаңа білім мен тәжірибе, достық қарым-қатынастар және шабыт сыйлаған құнды мүмкіндік болды. Ол осы ерекше білім беру және мәдени бағдарламаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін ВКТУ-ға алғысын білдірді.

«Қазан – 2025» Жазғы университеті Азия елдері студенттерінің халықаралық байланыстарын дамытуға, тәжірибе алмасуға және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.