Ағымдағы жылдың 21 сәуірі күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 56-шы Студенттік көктем фестивалінің шымылдығы салтанатты түрде ашылды.
Ең жарқын студенттік фестиваль аясында «Formation», «FTB» және «ГОРМЕТ» атты үш шығармашылық топ өнер көрсетіп, өзара бақ сынасатын болады. Ашылу салтанатында аталған үш топтың өкілдері бірлесе отырып, сәлемдесу шеруін («Але парад») өткізді.
Фестивальдың ашылу салтанатында Басқарма мүшесі – халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Сәрсембаева А.Ә. сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Фестивальдің бірінші күнінде «Formation» шығармашылық тобы өз өнерін ұсынды.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!