Университетте кезекті Басқарма–ректорат отырысы өтіп, онда білім беру үдерісінің сапасына, шетелдік студенттерді қолдауға, психологиялық қызметтің қызметіне және кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша шетелдік студенттердің оқу сапасы мен университетте болу жағдайларына қанағаттану деңгейі туралы сауалнама нәтижелері тыңдалды. Аталған мәселе бойынша Басқарма мүшесі - халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Сәрсембаева А. баяндама жасап, сауалнама қорытындыларын және білім беру мен әлеуметтік ортаны одан әрі жетілдіру бағыттарын ұсынды.
Екінші мәселе аясында 2025 жылдағы психологиялық қызметтің қызметі қаралды. Психолог Жарасбаева Н.қызметтің негізгі бағыттары, атқарылған жұмыстар және студенттер мен қызметкерлерге көрсетілген психологиялық қолдау туралы баяндады.
«Әртүрлі» бөлімінде кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарының орындалуы, қала мен өңірлердегі мектептермен өзара іс-қимыл, сондай-ақ өткізілген іс-шаралардың тиімділігін мониторингілеу мәселелері талқыланды. Бұл бағытта кәсіби бағдар беру жөніндегі жетекші менеджер Құрманғалиева А. баяндама жасады. Талқылауға мектеп декандары қатысып, алдағы кезеңге арналған ұсыныстарын білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша білім беру қызметінің сапасын арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және кәсіби бағдар беру жұмысын күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.