Университетте «Тау-кен ісі», «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиясы және барлау», «Электр энергетикасы», «Тау-кен машина жасаудағы инновациялық технологиялар» білім беру бағдарламаларының 2–3 курс студенттері мен «Востокцветмет» ЖШС (Казахмыс компаниялар тобының құрамында) өкілдерінің кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты — білім алушыларды кәсіпорынның өндірістік қызметімен таныстыру және бейінді техникалық мамандықтар студенттеріне арналған шәкіртақы бағдарламасын таныстыру.

Студенттер алдында кіріспе сөз сөйлеген «Востокцветмет» ЖШС персонал жөніндегі директоры Якупов В.тау-кен металлургия саласы үшін білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығын атап өтіп, кәсіпорынның университетпен және студенттермен олардың кәсіби қалыптасуының бастапқы кезеңінен бастап тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу барысында «Востокцветмет» ЖШС кәсіби даму және оқытуды ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженері Вареников Д. кәсіпорынның шәкіртақы бағдарламасына арналған жан-жақты презентация өткізді. Баяндамасында бағдарлама мақсаттары, қатысу шарттары, іріктеу критерийлері және оқу үлгерімі жоғары, тау-кен саласында кәсіби дамуға қызығушылық танытатын студенттер үшін берілетін артықшылықтар түсіндірілді.

Презентацияда кәсіпорынның өндірістік алаңдарында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктеріне, тәжірибелі мамандар тарапынан тәлімгерлік қолдау көрсетуге, сондай-ақ болашақта жұмысқа орналасу перспективаларына ерекше назар аударылды.

Кездесу аясында студенттер кәсіпорын құрылымы, пайдалы қазбаларды өндіру мен қайта өңдеудің заманауи технологиялары, өндірістік үдерістерді автоматтандыру деңгейі және жас мамандарға қойылатын талаптар туралы өзекті ақпарат алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша білім алушыларға ақпараттық материалдар мен шәкіртақы бағдарламасына қатысу және өндірістік тәжірибеден өту мәселелері бойынша әрі қарай байланыс орнатуға арналған байланыс деректері ұсынылды.

Осындай кездесулер студенттердің кәсіби бағдарын айқындауға, болашақ мамандығына деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға және университет пен өңірдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.