2025 жылғы 20 қазан мен 31 қазан аралығында колледжімізде бірінші курс студенттерінің барлығына арналған бейімделу тренингі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты - студенттердің жаңа білім беру ортасына тез әрі нәтижелі бейімделуіне ықпал ету, сондай-ақ оқу топтарында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру болды.
Тренинг барысында білім алушылар:
- Бір-бірімен жақынырақ танысып, өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнатты;
- Топтық бірлікті нығайтуға бағытталған арнайы психологиялық ойындарға қатысты;
- Университеттің психологиялық қызметі туралы жан-жақты ақпарат алды.
Берілген мәліметтер студенттердің психологиялық кеңес немесе кәсіби көмек алу мүмкіндіктерін, психологтың байланыс деректерін, сондай-ақ психологиялық жеңілдету кабинетінiң жұмыс тәртібі туралы ақпаратты қамтыды.