Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және жеке бас бостандығын қорғау мәселелерін түсіндіру мақсатында «Жеке бас бостандығына құқық: зорлық-зомбылық, аңду (сталкинг) және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.
Дәрісті қауымдастырылған профессоры Баиркенова Г,Т. жүргізді.
Дәріс барысында жеке бас бостандығының конституциялық кепілдіктері, заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі нормалары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, зорлық-зомбылық әрекеттері, аңду (сталкинг), некеге мәжбүрлеу сияқты құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, білім беру ортасындағы мінез-құлық мәдениеті, әдеп нормаларын сақтау, этикалық қағидаларды бұзу жағдайлары және олардың салдары туралы маңызды ақпарат берілді. Студенттерге құқықтық жауапкершіліктің түрлері түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті екені атап өтілді.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты құқықтық түсіндірмелер алды. Мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және жеке бас бостандығын қорғау тетіктерін білуге ықпал етеді.
Аталған дәріс студенттердің құқықтық санасын арттыруға және қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға бағытталған маңызды қадам болды.