«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне Польшадан шетелдік профессорлар шақырылды.
Техникалық ғылымдар докторы, Люблин технологиялық университетінің менеджмент факультетінің доценті Monika Kulisz «Сәулет, құрылыс және энергетика» мектебінің «Құрылыс» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін дәріс курсын бастап оқуда. Онымен қатар, Люблин технологиялық университетімен ынтымақтастық аясында университетте PhD докторы, профессор, ШҚТУ Бизнес-мектебінің барлық білім беру бағдарламалары үшін сабақ жүргізетін Jolanta Słoniec менеджмент факультеті кәсіпорнын ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі де сабақ өткізуді бастады.
Шетелдік профессорларды, оның ішінде Польшадан жетекші мамандарды тарту ШҚТУ білім беру стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады