14–17 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясының Барнаул қаласында «Үлкен Алтай кеңістігіндегі славян-түркі әлемі: тарих және қазіргі заман» атты Төртінші халықаралық алтаистикалық форум өтті. Форумның мақсаты халықаралық ғылыми қоғамдастыққа түркі өркениетінің тарихын, оның этникалық және этносаралық байланыстарын, славян және түркі халықтарының мәдени-тарихи өзара іс-қимылының түрлі аспектілерін, олардың мемлекеттік-саяси және тарихи-мәдени дәстүрлері мен құндылықтарын қазіргі заманғы зерттеулер саласында пікірталас үшін жағдай жасау болып табылады.
Шараның басты оқиғаларының бірі «Түркі өркениеті жылнамасының» II томының тұсаукесері болды.
«Үлкен Алтай медиа кеңістігіндегі славян және түркі халықтарының тарихы» тақырыптық секциясында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Digital Social Research» ХҒИ бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Нелли Краснобаева.
Форум материалдары бойынша РИНЦ ғылыми базасында индекстелген ғылыми еңбектер жинағы жарық көрді.
"Үлкен Алтай кеңістігіндегі славян-түркі әлемі: тарих және қазіргі заман" форумының бағдарламасы
«DSR» ХҒЗО