Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «EKTU SCIENCE WEEK» бағдарламасының презентациясы өтті.

 «EKTU SCIENCE WEEK» бағдарламасының аясында оқушыларға ғылымның қызықты әлемі – инновациялар, зерттеулер және шексіз мүмкіндіктер ашылып көрсетілді. Бұл іс-шара апталық ғылыми марафонның жарқын бастамасына айналды, әрбір қатысушы интеллектуалды шабыт ортасына еніп, ғылым мен технологиялардың кереметтерімен танысты.

Студенттерге, магистранттағар, докторанттарға, Жас ғалымдарға, профессорлық-оқытушылық құрамға, қонақтарға ғылыми апта бағдарламасы егжей-тегжейлі таныстырылып, оның негізгі миссиясы атап көрсетілді: теория мен тәжірибені біріктіретін көпір ретінде, ұрпақтар арасындағы диалогтың платформасы ретінде, болашаққа ашылатын терезе ретінде.

Бағдарламаның негізгі іс-шараларына ерекше назар аударылды:

  • «Жасанды интеллект және инновациялар: жаңа сынақтар мен болашақтың инженерлік шешімдері» XII Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияның Пленарлық отырысы;
  • Региондық ғылыми кеңесі;
  • Қазақстанның сирек кездесетін жер металдары: мәселелер, шешімдер және стратегиялар  EKTU R&D FORUM 2026

Презентация  барысында университеттің құзыреттілік орталықтарының бейнероликтері көрсетілді.

 Фото