Бизнес мектебі, «ҚТжӘСП» кафедрасындағы «Алтын бесік - Мұзтау» клубының студенттеріне «Дәстүр сабақтастығы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Қазақ мәдениетінің бастауы болып табылатын көшпелілер өмірінде маңызды орын алатын малшаруашылығымен байланысты материалдық мәдениеттің түрлері таныстырылды. Бүгінгі күнге дейін жеткен дәстүрлі қолөнер туындыларының маңызы мен пайдасы көрсетіліп, жас ұрпаққа насихатталды.

Іс-шара клуб жетекшісі мен ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының ғылыми қызметкері бірлестіктерінің ұйымдастырылуымен, ұрпақ тәрбиелеудегі бейресми білім беру бағытында өткізілді. Тақырып бойынша слайд-презентация, видео-ролик ұсынылды. Клуб мүшелері ұлттық құндылықтарымыз туралы ақпарат алып, қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырды.