Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті өз студенттерінің мәдени дамуына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Әдеттегідей, биылғы 2025-2026 оқу жылында да университет студенттері Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрына тегін билетпен қамтамасыз етіледі.

Жаңа театр маусымының ашылуына орай, студенттер қазақ драматургиясының көрнекті туындыларының бірі – «Шынарым менің, шарайлым менің» спектаклін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Терең мазмұнды қойылым көрермендердің көңілінен шығып, жастарға отбасылық құндылықтар, адамгершілік және махаббат тақырыптарында үлкен әсер қалдырды.

Мәдени шара барысында студенттер актерлік шеберлікке, сахналық көркемдікке және ұлттық театр өнерінің дамуына тәнті болып, театр ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Университет алдағы уақытта да осындай рухани-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастырып, білім мен тәрбиені ұштастыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырмақ.