Биыл біз ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Осы айтулы мерекеге орай Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған қалалық «Тіл шебері» байқауына қаламыздың тіл мұғалімдері мен студенттері қатысты.

Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада өткен іс-шара үш кезеңнен тұрды. Байқауда қатысушылар өздерінің терең білімдері мен тіл шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

Байқауға Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері де қатысып, жүлделі орындарға ие болғанын асқан мақтанышпен хабарлаймыз! Жарқынбаева Дильназ (24-ИСК-1 тобы) – ІІ орын иегері, Нұрғалиев Бақдәулет (23-МКК-1 тобы) - Алғыс хатпен марапатталды!

Біздің студенттердің дайындығын Тілдік құзыреттер орталығының тәжірибелі оқытушылары – Асавбаева Г.Б., Бакиева А.К., Ережепова С.К. және Калелова И.М. зор жауапкершілікпен жүргізді. Олар байқауға қатысушыларды дайындауда көп еңбек сіңірді.

Студенттеріміз бен оқытушыларымызға шығармашылық шабыт пен жаңа белестерге жетелейтін ынта-жігер тілейміз.