2025 жылғы 31 қазанда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде 8D05401 – Математика білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңестің отырысында Тураров Аманкелді Қабдығалиевұлы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Газлифттік процестің көпфазалы динамикалық моделін сандық әдіспен шешу» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Осы күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 8D071 – Инжиниринг және инженерлік іс даярлау бағыты бойынша 8D07101 – Автоматтандыру және басқару білім беру бағдарламасы аясында Назенова Гаухар Мырзабекқызы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Медициналық қаптамаларды аддитивті өндіруге арналған робот-манипуляторды бейімделгіш басқару әдістерін қолдану» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғады.

Университет ұжымы атынан әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми ізденістерінде табыс, жаңа жетістіктер, шабыт пен еліміздің ғылымы мен білімі игілігі жолындағы еңбектеріне жеміс тілейміз!