Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіруге бағытталған «Bir tolqynda» атты диалог алаңы өтті. Кездесуді «Жастар Рухы» жастар қанатының ШҚО филиалы ұйымдастырды.
Кездесудің спикерлері:
- Быкова Марина Юрьевна – облыстық маслихат депутаты;
- Байтеряков Михаил Евгеньевич – Өскемен қалалық маслихат депутаты, инфрақұрылым және ТКШ мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі;
- Хуанбай Аскерхан – Өскемен қалалық маслихат депутаты;
- Танир Ясса – «Cero» экологиялық даму орталығының негізін қалаушы.
Әңгіме барысында баяндамашылар студенттерге Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіріп, соның ішінде өңірлерді дамыту, жастарды қолдау, экология және инфрақұрылым саласындағы бастамаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Аталмыш іс-шаралар жастарды елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуына ықпал етіп, Қазақстанның дамуындағы өзекті міндеттерді ашық талқылауға мүмкіндік береді.