Сарғайған жапырақ – күздің көркі,
Жастық шақтың әр сәті – өмірдің естелігі.
Күздің әрбір шуақты күні,
Жүректе қалар ұмытылмас бір сәт болып…

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Серпін–2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттері күз мезгілінің әсемдігін ерекше көңіл күймен қарсы алып, «Күзгі VIBE» атты шағын естелік фотокездесу ұйымдастырды.

Алтын түске боялған табиғат аясында студенттер әдемі фотосуреттерге түсіп, жастық шақтың жарқын сәттерін естелікке айналдырды. Сары жапырақтар, жылы күлкі, достық көңіл мен күзгі әсемдік бұл күнге ерекше сән берді.

Бұл кездесу үлкен іс-шарадан гөрі, студенттердің бір-біріне сыйлаған жылы көңілі мен бірге өткізген бақытты сәттерінің көрінісі болды.

Өйткені күз – жай ғана жыл мезгілі емес, ол жүректе сақталатын әдемі естеліктердің бастауы.

Алтын күз өтеді, жапырақтар түседі, ал студенттік шақтың әдемі естеліктері мәңгі жүректе қалады!