13 сәуір күні Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында 9-11 сынып оқушылары үшін «ТЕХНИКАЛЫҚТАҒЫ түн» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді.

Бағдарламаның бірінші бөлігінде университеттің бес факультеті мен колледжі студенттерінің ғылыми жетістіктерінің көрмесі, «Бізбен бірге бол!» атты флэш-моб, шеберлік сыныптары, интеллектуалды ойындар, квесттер,  ғылыми зертханаларға экскурсия ұйымдастырылды.

Сондай-ақ іс-шара қатысушылары алдында аймақ  кәсіпорындарының өкілдері жұмыс берушілер ретінде сөз сөйледі.

Ғимаратқа кіру кезінде университет қонақтары алты алаңға бару картасын алды.

Екінші бөлімде оқушылар үшін «Университетке баратын уақыты келді» дискотекасы ұйымдастырылды.