12-13 сәуір күндері университетіміздің «Металлургия» мамандығы бойынша білім алатын үш студенттен құралған  Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ командасы Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадасының екінші кезеңіне қатысты. Университет командасы Қазақстанның 8 жоғары оқу орындарынан келген студенттер арасында 3-ші орынға ие болды. 

15-МТ-1 тобының студенті Алуа Малыбаева жеке есепте ІІ орынды, ал Зухра Абдрахманова III орынды иеленді. Студенттеріміз Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың қолы қойылған дипломдармен марапатталды.

Студенттерді аталмыш олимпиадаға дайындауға кафедра доценттері Галина Реутова, Сауле Абдулина, Мельс Тогузов және аға оқытушы Ләззат Жанұзақова үлкен үлес қосты.

Олимпиада нәтижесіне сәйкес университетіміздің студенттері жоғары көрсеткіштер көрсеткендігі үшін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры атынан Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймардановқа алғыс хат жолданды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Баспасөз қызметі