19.09.2026 ж. жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Нашақорлыққа жол жоқ!» облыстық жастар форумы өтті. Ауқымды іс-шараға жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Форумға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінің студенттері де белсенді түрде қатысып, өз білімдері мен қызығушылықтарын көрсетті.
Форум барысында нашақорлықтың алдын алу, тәуелділіктің адам өміріне әсері, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру және жастар арасындағы өзара қолдау мәселелері талқыланды.
Қатысушылар үш бағыт бойынша семинар-тренингтерге қатысып, мамандардан маңызды әрі пайдалы ақпарат алды:
- «Friends in Focus» — БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының бағдарламасы;
- «Нашақорлықтың алдын алу және психологиялық тұрақтылық»;
- «Тәуелділік: кім кімді басқарады?».
Форум жұмысына прокуратура, полиция, білім беру саласының мамандары, «ESBOL QORY» қорының өкілдері, Жастар денсаулық орталығының мамандары және психологтар қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты — жастарға тәуелділіктің қауіптері туралы дұрыс әрі жан-жақты ақпарат беру, психологиялық тұрақтылықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.
Осындай кездесулер жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, дұрыс таңдау жасауына және салауатты болашаққа сенімді қадам басуына ықпал етеді.