12 қыркүйекте Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінің білім алушылары «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында өткен «Не? Қайда? Қашан?» «Талап, еңбек, терең ой» облыстық зияткерлік турниріне қатысты.

Турнир жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға деген құрметті қалыптастыруға, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін, сондай-ақ командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталды.

Біздің білім алушылар колледж намысын абыроймен қорғап, өз білімдерін, тапқырлықтарын және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Бұл жолы команда жүлделі орынға ие болмағанымен, турнирге қатысу білім алушылар үшін құнды тәжірибе болды. Олар өз білімдерін сынап, ой-өрістерін кеңейтіп, жаңа әсер алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Біз осындай әрбір тәжірибе білім алушыларды жаңа жетістіктерге жетелейтініне сенімдіміз! Ең бастысы — тоқтамай, үнемі даму, жаңа білім алу және алға нық қадам басу. Өйткені жеңіс — тек жүлделі орын ғана емес, сонымен қатар тәжірибе, білім және одан әрі дамуға деген ұмтылыс!