Өтетін уақыты: 20-21 ақпан 2025 жыл
Өтетін орны: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қаласы, Серікбаева 19

2025 жылдың 20-21 ақпанында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті алаңында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУ-КЕН ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ» тақырыбында ғылыми-техникалық сессия өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Казцинк» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Шараның мақсаты:
  • Қазақстанның тау-кен өндіру өнеркәсібінің ғылыми-технологиялық даму бағыттарын талқылау
  • Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелерін шешу
  • Ғылыми-зерттеу міндеттеріне қатысты стратегиялық сессиялар өткізу
Қатысушылар:
  • 54 жетекші ғалым
  • «Казцинк» ЖШС-нің 12 сарапшысы
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Атамекен" өкілдері
  • «Казцинк» ЖШС басшылығы
Бағдарлама:
  • 20 ақпан 2025 жыл – Ғылыми-зерттеу міндеттерін талқылау, пленарлық мәжіліс, оқыту блоктары, іскерлік ойындар, brainstorming сессиялары.
  • 21 ақпан 2025 жыл – Ғылыми жобалар прототиптерін әзірлеу, "Казцинк" ЖШС үшін басым жобаларды іріктеу, сертификаттар тапсыру.

Бұл сессия тау-кен өнеркәсібінде инновациялық шешімдер әзірлеуге және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға маңызды алаң болмақ.