Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында «Референдум және құқықтық мемлекеттің дамуы: қоғамдық-саяси аспектілер» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Іс-шара университеттің колонналы залында өтті және ғылыми қауымдастық өкілдерін, оқытушыларды, сарапшыларды, құқық пен қоғамдық-саяси ғылымдар саласындағы мамандарды, сондай-ақ өңірлік мәдени ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Конференцияның мақсаты – құқықтық мемлекетті дамыту мәселелерін, референдумның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін талқылау, сондай-ақ ғылыми және практикалық тәжірибе алмасу болды.

Модератор ретінде Қ.С. Калиева - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы сөз сөйледі.

Қатысушыларға құттықтау сөз сөйлегендер: А.А. Сәрсембаева - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры және А.С. Жолдыбалина – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары.

Конференция барысында Қазақстан-Америка еркін университеті, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Баяндамалармен сөз сөйлегендер: Ж.А. Садвакасова – философия магистрі, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Ю.А. Гаврилова – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қазақстан-Америка еркін университетінің ғылыми жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректоры, Е.Б. Ахметов – PhD докторы, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының аға ғылыми қызметкері, Ж.Е. Садыканова – заң ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессор, С.А. Мужчиль – заң ғылымдарының магистрі, Қазақстан-Америка еркін университетінің «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы,К.А. Мыктыбаев – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің комплаенс-офицері, .А. Линок – саяси ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы.

Сонымен қатар конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – Боқанова Ж.Қ. және Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорық өкілдері де қатысты А.М. Мұхамедчинов  музей директоры және  басқа да қызметкерлер.

Қатысушылардың баяндамалары өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтыды, оның ішінде: қоғамдық қатысу және биліктің легитимділігі, референдумның конституциялық реформалар механизмі ретіндегі рөлі, цифрландыру жағдайындағы адам құқықтарын қорғау, азаматтық қоғамды дамыту және құқықтық тәрбие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Қазақстанның саяси жүйесінің трансформациясы.

Конференция аясында мазмұнды пікірталас өтіп, қатысушылар қарастырылған мәселелер бойынша өзара пікір алмасып, ғылыми көзқарастарын білдірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылып, референдум институтының құқықтық мемлекетті және демократиялық үдерістерді дамытудағы маңызды құрал екендігі атап өтілді.