Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен «ОЭСК» АҚ энергетика саласында кәсіби мамандар даярлау үшін күш біріктірді.

30–31 наурыз күндері Гуманитарлық-техникалық колледждің жоғары курс студенттері (Шемонаиха қ.) және Алтай жоғары колледжінің студенттері Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен «ОЭСК» АҚ  бірлесіп ұйымдастырған мансаптық интенсивке қатысты.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті: дәстүрлі дәрістің орнына студенттер еңбек нарығының негізгі өкілдеріне тікелей сұрақ қойып, болашақ мүмкіндіктерді талқылауға мүмкіндік алды.
Болашақ түлектер алдында ШҚТУ Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы А.Ақаев, Мансап орталығының директоры-С. Трофименко сөз сөйледі, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан «ОЭСК» АҚ әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры – А. Ануарбекова және «ОЭСК» АҚ Алтай аймағы бойынша өңір директоры  Е. Алпиев қатысты.

Ануарбекова А. студенттерге компанияны және оның өңір бойынша орналасу географиясын, тәжірибеден өту ережелерін, үміткерлерді іріктеу критерийлерімен таныстырды және түлектер үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты баяндады.  Сондай-ақ, ол жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін лайықты болып саналатын жалақы деңгейін атап өтті.

Аудитория Е. Алпиевтің сөзін ерекше ықыласпен қабылдады. Ол өндірістік оқытудан бастап, уақыт өте келе жоғары деңгейдегі басшылық қызметтерге дейін өскен қызметкерлердің нақты өмірінен мысалдарын келтірді. Спикер өз тәжірибесі арқылы студенттерге жеткілікті еңбекқорлықтың, дамуға ұмтылыстың арқасында және кәсіпорын тарапынан қолдау болған жағдайда, туған өңірден кетпей-ақ, мамандықты өзгертпей-ақ жоғары нәтижелерге жетуге болатынын көрсетті.

Мансап орталығының директоры -С. Трофименко Қазақстан Республикасы және жергілікті атқарушы органдар гранттарына түсу жүйесі туралы айтып берді. Ол маңызды мерзімдерге ерекше назар аударды: ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау 10–25 сәуір аралығында жүргізілетінін, ал тестілеудің өзі 10 мамыр мен 10 маусым аралығында өтетінін атап өтті. Болашақ талапкерлерге бейіндік пәндер туралы ақпараттар да ұсынылды: жалпы кәсіби пән  «Электротехниканың теориялық негіздері», арнайы пән - «Еңбекті қорғау (электр қауіпсіздігінің негіздері)». Сонымен қатар, спикер білім беру гранттарын алу конкурсына қатысу үшін қажетті өту балдарын көрсетті.

Сәулет құрылыс және энергетика мектебінің  деканы А. Ақаев  «Электр энергетикасы» және «Жылу энергетикасы» бағыттары бойынша сұранысқа ие қысқартылған білім беру бағдарламаларын таныстырды.Ерекше назар дуалды оқытуға аударылды бұл формат студенттерге университетте теориялық білім алып қана қоймай, серіктес кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында кәсіби ортаға қатарынан енуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ өндірістік оқытудың қалай ұйымдастырылатыны туралы айтылды: ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігі, еңбек өтілін ерте бастау, жұмысшы біліктілігін және тиісті разрядтарды жоғары білім дипломын алумен қатар алу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Ұйымдастырушылар: «Мұндай кездесулер  бұл жай ғана жұмыс берушімен танысу емес, жеке мансаптық траекторияны қалыптастырудағы алғашқы қадам», - деп атап өтті. «Біз колледж студенттері өңірде өсу мүмкіндіктері бар екенін көргенін қалаймыз, ал университет пен жетекші кәсіпорындар бұл жолда оларға қолдау көрсетуге дайын».

Іс-шара Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен «ОЭСК» АҚ Шығыс Қазақстанның энергетика саласы үшін білікті кадрларды даярлау бойынша жүйелі жұмысы аясында өтті.