Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің №1 жатақханасында «Таза бөлме» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – студенттер арасында тазалықты, ұқыптылықты және жауапкершілікті насихаттау.
Іс-шараға Әлеуметтік, жастар саясаты және инклюзивті даму департаментінің директоры қатысып, байқауға белсенді қатысқан студенттерге алғысын білдіріп, жатақханадағы жайлы әрі таза ортаның маңыздылығын атап өтті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған бөлмелердің тұрғындары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар студенттердің тұрмыстық мәдениетін арттырып, ұйымшылдық пен тәртіпті қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған байқауды ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізген педагог-тәрбиешілер: А.А. Тоқсанбай, Т. Оралбекұлы және А.М. Тоқтасын.

