Құрметті энергетиктер!
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Қазақстан Республикасының Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Энергетика саласы ел экономикасының тұрақты дамуы мен өнеркәсіптік әлеуетінің стратегиялық негізі болып табылады. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен өз ісіңізге адалдықтарыңыз Қазақстанның энергетикалық жүйесінің сенімді жұмыс істеуін және энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті энергетика саласындағы кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асырады, тәжірибеге бағытталған кадрлар даярлауды дамытады және заманауи инженерлік шешімдерді енгізуге атсалысып келеді. Университет өңір мен елдің энергетикалық секторында сұранысқа ие мамандарды даярлауға қосып отырған үлесін мақтан тұтады.
Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, тұрақтылық, жаңа жобалардың сәтті жүзеге асуын және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!