Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың белсенді дамуы жалғасуда. Малайзияның Universiti Teknologi MARA (UiTM) профессоры, Dr Binti Nick Rosalini Rousely 2025 жылдың қазан айында Халықаралық инженерия мектебінің студенттеріне, магистранттарына "Теориялық механика" пәні дәріс және практикалық сабақтар өткізуде.
Сабақ барысында профессор өзінің көп жылдық тәжірибесімен және инженерлік ғылымдарды оқытудың заманауи тәсілдерімен бөліседі, нақты инженерлік міндеттер мен жобаларда теориялық білімді қолдануға баса назар аударады.
Профессор Binti Nick Rosalini Rousely халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, педагогикалық тәжірибе алмасуға және ШҚТУ студенттерінде жаһандық инженерлік ойлауды қалыптастыруға ықпал етуде.
Бұдан бөлек, Профессор Халықаралық инженерия мектебінің жас ғалымдарына, докторанттары мен магистранттарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша семинар жүргізді.
Біз профессор Binti Nick Rosalini Rousely қызықты әрі мазмұнды дәрістері үшін, сондай-ақ Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастық пен инженерлік білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!
