2026 жылғы 17 наурызда университеттің әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен екінші курс студенттері Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының жергілікті әскери және әкімшілік басқару органдарымен, мекемелерімен және әскери бөлімдерімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық қорғаныс департаменті өткізген командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуларына белсенді қатысты.

Оқу-жаттығу барысында мобилизациялық ресурстарды қабылдау пунктін өрістету және ерекше кезеңде Өскемен қаласының органдары мен мекемелерімен өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды.

Аумақтық қорғаныстың маңызды міндеттері - елді мекендерді күзету және қорғау, халықты қорғау; Қарулы Күштердің құрамаларымен және әскери бөлімдерімен бірлесіп міндеттерді орындау.

Бұл іс-шаралар біздің мемлекетіміз - Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған.