Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Техникалық физика» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының II кезеңі өткізілді.
Байқауға еліміздің 4 жетекші жоғары оқу орнынан 14 жұмыс (17 студент, 19 ғылыми жетекші) қабылданды.
Қатысушылар қатарында: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Шәкәрім университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.
Конкурстық комиссия өз жұмысын Басқарма төрағасы – ректор С.Ж. Рахметуллинаның жетекшілігімен жүзеге асырды.
Байқау жеңімпаздары болып келесі студенттер танылды:
- I дәрежелі диплом- Казанбек Ақылбек Нұржанұлы, Баймаханов Мирас Сейтұлы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері. Ғылыми жетекшілері: Қайнарбай Ә.Ж. – ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
- II дәрежелі диплом - Шмонина Анна Викторовна - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті. Ғылыми жетекшісі: Тайманова Г.Қ. – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
- II дәрежелі диплом - Каирбаева Лимара Санатовна, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенті. Ғылыми жетекшісі: Кеңесбеков А.Б., PhD.
- III дәрежелі диплом – Пердебай Ботакөз Талғатқызы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті. Ғылыми жетекшісі: Баймұханов З.Қ. – ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
- III дәрежелі диплом - Атаханова Аида Ерболатқызы, Блохин Сергей Валентинович - Шәкәрім университетінің студенттері. Ғылыми жетекшілері: Ермоленко М.В. – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Степанова О.А. – т.ғ.к., профессор.
- III дәрежелі диплом - Қадырболат Нұрлат Ерболұлы, Мусатаева Назира Ержанқызы, Ерболұлы Айқын - Шәкәрім университетінің студенттері. Ғылыми жетекшілері: Құрманғалиев Р.Х. - Инжиниринг орталығының ғылыми қызметкері, Кусаинов Р.К. - Инжиниринг орталығының жетекшісі.