Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңі өткізілді.

Конкурсқа еліміздің 9 жетекші жоғары оқу орнынан талантты студенттер қатысып, қарауға барлығы 14 ғылыми жұмыс ұсынылды.

Қатысушылар қатарында: академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, Astana IT University, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.

Конкурс жастардың ғылыми әлеуетін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және радиотехника, электроника мен телекоммуникациялар саласындағы инновациялық идеяларды дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.

Конкурстық комиссия өз жұмысын Басқарма төрағасы – ректор С.Ж. Рахметуллинаның жетекшілігімен жүзеге асырды.

Конкурс жеңімпаздары болып келесі студенттер танылды:

  • I дәрежелі диплом Ивченко Дмитрий Андреевич, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің  студенті. Ғылыми жетекшісі: Петров П.А. - ЭжР кафедрасының доценті.
  • II дәрежелі диплом – Байдильдин Мирас Амангелдыұлы, Балмағанбетов Ахметкәрім Әлібекұлы - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің  студенттері. Ғылыми жетекшілері: Дунаев П.А. - PhD, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор.
  •  II дәрежелі диплом Шматов Роман Алексеевич, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің  студенті. Ғылыми жетекшісі: Найзабаева А.А., PhD.
  • III дәрежелі диплом – Цих Александра Андреевна - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің 4 курс студенті. Ғылыми жетекшілері: Афанасьев Д.А. - PhD, қауымдастырылған профессор; Тусупбекова А.К. – PhD, қауымдастырылған профессор.
  • III дәрежелі диплом – Дәулет Дінмұхаммед, Балмағанбетов Арыстан - Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің 2 курс студенттері. Ғылыми жетекшісі: Алимханова А.Ж. - PhD, ассистент-профессоры.
  • III дәрежелі дипломАлмахамбетқызы Гүлжазира, Бақытбек Әйгерім - Astana IT University студенттері. Ғылыми жетекшісі: Ильясов Б.Р. – PhD, профессор.
Жеңімпаздарды және ғылыми жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа ғылыми жаңалықтар, батыл идеялардың жүзеге асуын және жарқын жеңістер тілейміз!