«Орхун» академиялық алмасу бағдарламасы туралы – Түркі кеңесі Түркі университеттер бірлігіне мүше жоғары оқу орындары арасында жасалған хаттамалар негізінде студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қолдауға бағытталған бағдарлама. Аталған бағдарлама түркі әлемі университеттері арасындағы академиялық және мәдени ынтымақтастықты арттыруды мақсат етеді.
Бұл маңызды қадам университетіміздің Түркі мемлекеттері арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Аталған бағдарлама студенттер мен оқытушыларға халықаралық тәжірибе алмасуға және кәсіби дамуға кең мүмкіндік береді. ШҚТУ ұжымына толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер
