Жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік қызметке орналасудың тиімді мүмкіндігі ұсынылады!

Оқу үлгерімінің орташа көрсеткіші (GPA) 3,33-тен төмен емес түлектер оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының жекелеген әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз орналаса алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен eQyzmet порталында «Түлектерге арналған бос жұмыс орындары» атты арнайы бөлім ашылды. Мұнда мемлекеттік органдардағы бос лауазымдар туралы ақпаратпен танысуға болады.

Бос жұмыс орындарын көру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз немесе жарияланымдағы QR-кодты сканерлеңіз:

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/graduate/vacancies