Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Еркін сөз» дебат клубы «Толық адам» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. Аталған интеллектуалды додада Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студент-дебатерлері өзара бақ сынасты.

Турнирдің мақсаты – жастар арасында сыни ойлауды дамыту, аргументтелген пікірталас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ұлы Абайдың ілімі аясында «Толық адам» философиялық тұжырымдамасын насихаттау. Пікірсайыс қозғалысы студенттік ортада ерекше рөл атқарады: ол интеллектуалдық әлеуетті, сыни талдау және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытып қана қоймай, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар атанған жұп – Рысбек Айдана мен Еркінбеков Салауат.

Сонымен қатар, финалдық кезеңде ерекше дайындықтарын көрсеткен қатысушылар: Жеңіс Темірлан мен Тоқтарбекова Толғанай; Алмасұлы Мерхат пен Арғынбек Айзат; Уатхан Ерұлан мен Әділбек Нұрбақыт.

«Үздік спикер» номинациясын Алмасұлы Мерхат иеленді.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенділік көрсеткендері үшін алғыс білдіріп, интеллектуалды додада ерекше көзге түскен студенттерді жетістіктерімен құттықтады.