30 қыркүйекте Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінде білім алушыларға қаржылық қауіпсіздік және қаржылық алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Студенттер алдында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аға жедел уәкілі Жакиянова Алина Асылбекқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында білім алушылар қаржылық қауіптердің кең таралған түрлері, алаяқтықтың заманауи тәсілдері, ақша қаражаты мен жеке деректерді қорғау жолдары туралы ақпарат алды. Сонымен қатар банк қызметтерін, мобильді қосымшалар мен онлайн төлемдерді қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Студенттерге күмәнді қоңыраулар, хабарламалар мен ұсыныстар кезінде сақ болу, алаяқтық схемаларды дер кезінде анықтау және олардың құрбаны болмау жолдары түсіндірілді.
Мұндай кездесулер жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, өз қаражаты мен жеке деректеріне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ цифрлық және қаржылық ортада саналы шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қаржылық сауаттылық, мұқияттылық және сақтық — жеке қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөліктері!