14 қыркүйекте колледж студенттері арасында Қазақстанда биыл 13 қыркүйекте атап өтілген Отбасы күніне арналған іс-шара өтті.

Кездесу барысында отбасының әр адамның өміріндегі рөлі, өзара сыйластық, жақындарына қамқорлық жасау және отбасылық дәстүрлерді сақтау туралы әңгіме өрбіді. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті және отбасын біріктіретін құндылықтар туралы пікірлерін білдірді.

Іс-шара барысында отбасы — сүйіспеншілік пен түсіністікке, қамқорлық пен қолдауға негізделген ең маңызды құндылықтардың бірі екені атап өтілді.

Осындай іс-шаралар студенттерге отбасының маңыздылығын түсінуге, жақындарына деген құрмет пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Әр отбасына бейбітшілік, амандық, зор денсаулық, береке және рухани жылулық тілейміз!