Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде студенттер арасында стартап-жобаларды дамытуға, инновациялық ойлау мен кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды EKTU Demo Day 2026 іс-шарасы өтті.
Demo Day алаңында талантты студенттер мен жас кәсіпкерлер IT, әлеуметтік желілер, білім беру, мәдениет, геймдев және іс-шараларды ұйымдастыру бағыттарындағы өз стартап-идеяларын ұсынды. Қатысушылар оқу, ғылыми және жобалық қызмет аясында әзірлеген жобаларын таныстырып, бизнес өкілдері мен әлеуетті инвесторлардан кәсіби кері байланыс алды.
Іс-шара жастардың кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға, олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға, сондай-ақ ШҚТУ-да тұрақты стартап-экожүйені қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, сыртқы серіктестермен, қоғамдық және жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылып, ұсынылған бастамалардың практикалық бағыты күшейтілді.
Байқаулық таныстырылымдар қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік стартап-жобаларды анықтады:
- І орын - «Энтерра» жобасы, Базарқат Жандос, («Ғылымды қажетсінетін кәсіпорындардың қаржылық менеджменті» білім беру бағдарламасы, бағыты: IT және әлеуметтік желілер). Жоба цифрлық шешімдер мен онлайн-платформаларды дамытуға бағытталған. Жүлде: ноутбук және iPhone 16.
- ІІ орын - «Altai Development Week» жобасы, Қазым Асылбек, («Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы, бағыты: іс-шараларды ұйымдастыру). Инициатива өңірлік әлеуетті дамытуға бағытталған оқиғалық жобаларды іске асыруды көздейді. Жүлде: ноутбук.
- ІІІ орын — «Дала шежіресі» жобасы, Привалова Ангелина, («Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы, бағыты: білім беру, тарих, геймдев). Жоба цифрлық технологияларды, тарихи мұраны және ойын форматындағы оқытуды біріктіреді. Жүлде: iPhone 16.
Іс-шараның демеушісі ретінде «Қазцинк» кәсіпорны қолдау көрсетті. Университет компанияға студенттік бастамаларды жүйелі түрде қолдағаны және жастар кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Кәсіпорын атынан іс-шараға Смағұлова Б. және Очереднюк Р. қатысты.
EKTU Demo Day 2026 өткізілуі ШҚТУ студенттерінің жоғары инновациялық әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп, университетте стартап-мәдениет пен кәсіпкерлік ортаны дамытудың маңызды кезеңіне айналды.