Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының аумағында «Экология сағаты» атты ашық экологиялық дәріс өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT колледжі студенттерінің қатысуымен өткізілді.

«Экология сағатының» басты мақсаты — студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және табиғатты қорғау мәселелеріне деген қызығушылығын дамыту. Іс-шара барысында қатысушылар табиғи ресурстарды сақтау, қоршаған ортаның тазалығын қолдау және әр адамның экологиялық тұрақты болашақ алдындағы жеке жауапкершілігі туралы пайдалы ақпарат алды.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Табиғатты қорғайық!» атты танымдық Эко-QUIZ ойыны тудырды. Викторина барысында студенттер сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады, экологиялық мәселелерді талқылап, оларды шешудің ықтимал жолдарын бірге қарастырды. Интерактивті формат іс-шараны тек танымдық қана емес, сонымен қатар қызықты әрі әсерлі етті.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткізілген «Экология сағаты» жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Іс-шара қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты екенін тағы бір мәрте еске салды.