Университетте Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі мен Бизнес мектебінің студенттері мен оқытушыларының Solana Superteam Kazakhstan өкілдерімен кездесуі өтіп, аудиторияның зор қызығушылығын тудырып, белсенді қатысуымен ерекшеленді.
Спикерлер ретінде Solana Superteam Kazakhstan ұйымының Community Lead өкілі Максим Афанасьев және стартапер, халықаралық хакатондардың жүлдегері Александр Комагоров сөз сөйледі.
Кездесу барысында Максим Афанасьев Web3 қауымдастығының дамуы, Solana экожүйесінің негізгі бағыттары, сондай-ақ студенттер үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы — хакатондарға қатысу, білім беру бағдарламалары және блокчейн технологиялары саласындағы мансаптық бағыттар жөнінде баяндады.
Александр Комагоров өзінің практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, пайдалы кеңестер мен лайфхактармен бөлісті: стартап-индустрияда алғашқы қадамдарды қалай жасау, хакатондарға тиімді қатысу, мықты команда қалыптастыру және идеяларды толыққанды технологиялық жобаларға айналдыру жолдары туралы айтты.
Кездесу соңында ең қызығушылық танытқан студенттер спикерлермен байланыс орнатып, қосымша кеңестер мен кәсіби дамуына, сондай-ақ халықаралық технологиялық бастамаларға қатысуына қажетті құнды ұсыныстар алды.