Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің №3 жатақханасының акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік-мағыналық кездесу өтті. Іс-шараға №1 және №3 жатақханалардың студенттері қатысты.

Кездесу барысында Тәуелсіздік тарихына арналған фото және бейне роликтер көрсетіліп, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ерлер мен ержүрек қыздардың есімдері аталды. Сонымен қатар, олардың фотосуреттері ұсынылып, ел тәуелсіздігі жолында жасаған ерліктері мен азаматтық батылдығы туралы кең көлемде ақпарат берілді.

Аталған шара студенттердің ұлтжаңды сезімін арттыруға, тарихи сананы қалыптастыруға және тәуелсіз еліміздің құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Іс-шараны екі жатаханасының оқытушы-тәрбиешілер ұйымдастырған.