10 сәуір күні  Достық үйі және Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратының Қоғамдық келісім орталығының алаңында Қаланың жоғары оқу орындарының  студенттері арасында «Ақылды қалалар»   Қазақстанда қолжетімді» тақырыбында  пікірталас турнирі өтті.

Іс-шара «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында және үш тілділік саясаты негізінде ұйымдастырылды.

Пікірталастар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. 

Аталмыш іс-шараға Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ  қызметкерлері белсене қатысты.  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Г. Жанабаева дебат турнирінде модератор рөлін атқарды. Әділқазылар алқасы қатарына «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті,  көптілді топтарда гуманитарлық пәндер бойынша жетекші оқытушы,  «Soleil» ағылшын тіліндегі студенттік клубының жетекшісі С. Уалиева және Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың  «білім беру технологияларының  сапасын бағалау және дамыту орталығының» аға ғылыми қызметкері  М.Юсубалиева шақырылды.  

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Баспасөз қызметі