Колледж басшылығы және ЖТК студенттері Өскемен қаласының 9 сынып оқушыларымен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу №17, 42, 12, 39 және 19 орта мектептері негізінде өткізілді.

Қонақтар алдында ЖТК директоры Альфия Хазиева құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ  ЖТК жайында және колледждің мамандар даярлау бағыттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды.

2-ші курс студенттері Рустам Тикибаев пен Бектемір Бекбосын колледж туралы, оның мамандықтары және бұл колледжде білім алудың  артықшылықтары туралы әңгімелеп берді.

Осындай іс-шаралар жылдың соңына дейін қаланың басқа мектептерінде де өткізілмек.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Баспасөз қызметі