Ағымдағы жылдың 15 қарашасы күні Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ өкілдері Үржар ауданының «Абай атындағы орта мектеп» КММ-не сапар жасады.

Мектеп қабырғасында Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ робототехникалық классы ашылмақ. Университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры С.Ж. Рахметуллина салтанатты түрде мектепке жабдықтарды табыс етіп, мол жетістіктер тіледі. Бұл жабдық балалардың жүйелі логикалық ойлау, сондай-ақ жобалау және инженерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жабдықтар комплектісі бес негізгі жиынтықты, бес ноутбук пен екі ресурстық жиынтықты қамтиды.

Сондай-ақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру төңірегінде «Стенд-моб»,«Менің кәсібім - еліміздің гүлденуінің кілті» акциясы аясында жоғары техникалық білім беру жүйесінің сұранысқа ие мамандықтары бойынша мамандарды даярлау мақсатымен студенттерді тарту жұмыстарын жүргізуші мобильді топ кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша ауқымды іс-шара өткізді.

Кәсіптік бағдар беру бөлімі