Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ғимаратында ағымдағы жылдың 13 қарашасында ҚР БҒМ тапсырмасы негізінде «Басқару және оқыту жөніндегі халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық кадрларды даярлау» бағдарламасы бойынша Назарбаев Университетінде Жоғары білім беру мектебінің тренингтер сериясы бастама алды. Тренингтерді отандық және шетелдік мамандар өткізеді. Педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен университет оқытушыларына арналған. «Үш тілде білім беру» атты бірінші дәрісте пәндік - тілдік біріктірілген оқыту (CLIL) тақырыбы аясында туындаған сұрақтар қарастырылды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Білім беру технологияларын дамыту
және сапасын бағалау орталығының а.ғ.қ. Мадина Юсубалиева