2026 жылғы 17 қарашада Д. Серікбаев атындағы Жоғары IT колледжінде Халықаралық студенттер күніне орай бірінші курс студенттері арасында «Спорт арқылы жаңа белестерге!» атты тоғызқұмалақ жарысы өтті.

Қатысушылар логикалық ойлау қабілеттерін, зейінділіктерін және стратегиялық шешім қабылдау шеберліктерін көрсетті. Әр ойын мұқият ойлануды және алдын ала жоспар құруды талап етті. Студенттер бір-біріне қолдау көрсетіп, жарыс достық атмосферада өтті.

Бірінші курс студенттерін жарысқа қатысуымен құттықтаймыз! Оларға оқу мен спортта жаңа жетістіктер тілейміз!