Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «AI-Sana: EKTU Demo Day» атты негізгі күзгі форум өтті. Іс-шара ұлттық AI-Sana бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
AI-Sana- жас зерттеушілерді, студенттерді және индустрия мамандарын біріктіріп, жасанды интеллект технологияларын қолданатын инновациялық цифрлық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік беретін бірегей платформа. Бағдарлама жобалық мәдениетті дамытуға, перспективалы идеяларды қолдауға және жасанды интеллектті белсенді қолданатын Қазақстанның жаңа технологиялық көшбасшыларын даярлауға бағытталған.
Форумның басты оқиғасы - студенттік жобаларды қорғау болды. Студенттер түрлі салалардағы процестерді жақсартуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған практикалық жобалардың кең спектрін ұсынды:
- AgroLink - ауыл шаруашылық өнімдерін тікелей жеткізуге арналған цифрлық B2B платформа;
- Кесте боты - оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған интеллектуалды көмекші;
- ColorJudge - маркетинг пен дизайнға арналған бейнеанализ жүйесі;
- Dravon - маркетплейстерден бағаларды жинақтайтын смарт-агрегатор;
- Eye Tracking - балалардағы аутизм спектрі бұзылыстарын ерте анықтауға арналған ИИ жүйесі;
- HealHub - медициналық кескіндер (МРТ, ЭКГ, флюорография) арқылы диагноз анықтау;
- LeoАхамад - инновациялық жоба;
- NeuroMap - күдік тудыратын орындарды анонимді белгілеуге арналған карта;
- PrintUp - баспа алдында мәтінді тексеріп, оңтайландыратын ИИ-терминал;
- SafeSpace - онлайн психологиялық қолдау платформасы;
- Smart Аптека - жасанды интеллектпен жұмыс істейтін цифрлық аптека;
- Smart Progress Notify - студенттердің оқу үлгерімін бақылау жүйесі;
- TagamCaloriScanAI - тамақ өнімдерінің калориясын бақылауға және дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға арналған қосымша.
Бұл жобалар ауыл шаруашылығы, медицина, білім, қауіпсіздік және әлеуметтік салада жасанды интеллекттің нақты қолданылу мүмкіндіктерін дәлелдейді. Ең маңыздысы ИИ технологияларының әлеуетін AI-Sana бағдарламасы бойынша оқыған университет студенттері көрсетті.
Жеңімпаздар:1-орын – Eye Tracking, авторы: Бидахметов Д.,2-орын – ColorJudge, авторлар: Мұратхан Ә. Е., Чемоданов Г. және 3-орын- HealHub, команда: Лұқпанова Б., Сабикенова Н., Тұрсынханова Р., А. Политат. Жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді.
Университет ТОО Robosoft және ТОО Rating компанияларына демеушілік қолдауы мен жобаларды бағалаудағы сараптамалық көмегі үшін ерекше алғыс білдіреді. Сонымен бірге студенттерді қолдаған ТОО "Alpha-Safety", ТОО "Апару" ұйымдарына ризашылығын білдіреді.
AI-Sana: EKTU Demo Day ө бұл жай ғана шара емес, Қазақстанның цифрлық болашағын қалыптастыратын жас технологиялық көшбасшылардың тәжірибе алмасу, ынтымақтастық және кәсіби өсу алаңы.