Компас 3D-модельдеу

Курс туралы

КОМПАС-3D — жүйесі үш өлшемді жобалаудың қатты денелі және беттік үлгілеудің қуатты функционалдық мүмкіндіктерімен жұмыс істеу жеңілдігі және оңай игерудің үйлесімділігінің арқасында мыңдаған кәсіпорындардың стандартына айналды.

Өнімнің негізгі ерекшелігі толық құжаттама жиынтығын дайындауға дейін 3D идеяны іске асырудан бастап жобалаудың толассыз процесін қамтамасыз ету болып табылады. КОМПАС-3D негізінде АСКОН мамандары әзірлеген өзінің математикалық ядросы мен параметрлік технологиялары жатыр.

Курс бағдарламасында: жеке элементтердің үшөлшемді ассоциативті модельдерін және олардың құрамалы құрылымдарын құру және СПДС және ЕСКД стандарттарына сәйкес жобалау құжаттарын рәсімдеу.

Оқытушылар

Мелкозёрова Людмила Яновна, п.ғ.к, СҚФ доценті - бакалавриат пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізеді: "Компьютерлік графика", "Сызба геометрия және инженерлік графика", "Инженерлік және компьютерлік графика", "Машиналық графика".

Бәсекелестік артықшылықтары: конструкторлық жұмыс тәжірибесі, AutoCAD (Autodesk) графикалық редакторларын, Компас-графиктерді меңгерген (АСКОН), "Компьютерлік 3D - модельдеу Болашақ АСсы" халықаралық байқауына қатысушы студенттік жұмыстардың жетекшісі, "машиналық графика"пәні бойынша республикалық және халықаралық (Омбы қ.) студенттік олимпиадаларға студенттерді дайындау жетекшісі болды.

Толубаева Канагат Камзановна, т.ғ.к, СҚФ доценті - бакалавриат пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізеді: "Сызба геометрия және инженерлік графика», "Инженерлік графика", "Машиналық графика».

Бәсекелестік артықшылықтары: AutoCAD (Autodesk), Компас-График (АСКОН) графикалық редакторларын еркін меңгерген, "Машиналық графика" пәні бойынша республикалық және халықаралық студенттік олимпиадаларға студенттерді дайындау жетекшісі болды.