Құрметті студенттер!

2025-2026 оқу жылына жатақханаға орналасу бойынша онлайн өтінімдерді қарау 2025 жылдың 15 тамызынан басталатынын хабарлаймыз.

1 курсқа қабылданатын абитуриенттерге онлайн өтінім сайтта /?lang=ru Жатаханаға 1 курс батырмасына басып Жатаханаға орналасу батырмасына кіріп https://www.do.ektu.kz/Abiturient/Public/Hostel.aspx жеке мәліметтерді толтырып өтінім беріледі, сол сілтемеде орналасу нұсқаулығы, төлем нұсқаулығы бар, қарап танысуға болады.

Оқуын жалғастыратын студенттерге

Онлайн өтінімді университет порталында, студенттерге қызмет көрсету орталығы арқылы, қоныстандыру алгоритміне сәйкес бере аласыздар.

Жатақханаларға қоныстандыру келу фактісі бойынша жүргізіледі.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша әлеуметтік және жастар саясаты департаментіне хабарласыңыз

Байланыс ақпараты:

  • Саденова Динара Айдарбековна – департамент бас маманы +7 771 577 9277;
  • Жайжатырова Меруерт Сабыровна - департамент директоры, +7 705 663 4444