Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі халық ағарту қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқының тілдері күнін мерекелеу аясында «Халық диктанты» жобасының басталғаны туралы хабарлайды.
Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын дамыту және насихаттау. Бұл бастама жазу – білімнің өлшемі ғана емес, азаматтық жауапкершілік пен тілге деген құрметтің көрінісі екеніне баса назар аударады.
Осыған орай, жобаны қолдау мақсатында университетімізде 2025 жылдың 20 қазаны мен 24 қазан аралығында барлық білім беру бағдарламаларының студенттері, магистранттары, сонымен қатар профессорлық-оқытушылар құрамы арасында диктант өтеді.
Мектептер және кафедра меңгерушілерінен осы жобаға бакалавриат пен магистратурада оқитын студенттердің, профессор-оқытушылар құрамының қатысуын қамтамасыз етуді сұраймын.
Диктант жазу кестесі қоса берілген.
Диктант өткізу кестесі
№ | ПОҚ ТАӘ | Тілде сөйлейтіндермен диктант өткізу күні | Ана тілінде сөйлемейтіндердің диктант өткізу күні | Диктант қатысушылары |
---|---|---|---|---|
1 | Бакиева А.К. | 21.10.2025 Время: 10.50-11.40 |
22.10.2025 Время: 10.50-11.40 |
ПОҚ |
2 | Байбатанова Ф.И. | 27.10.2025 Время: 09.55-10.45 |
30.10.2025 Время: 09.55-10.45 |
Студенттер |
3 | Есимжанова Г.Т. | 21.10.2025 Время: 10.50-11.40 |
22.10.2025 Время: 12.00-12.55 |
Магистранттар |