Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге конкурс жариялады.

Конкурс ««Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021548).

Конкурсқа университеттің штаттық оқытушылары болып табылатын, конкурсқа құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Байқаудың I кезеңі 2025 жылдың 3 қарашасынан басталып, 2025 жылдың 14 қарашасына дейін жалғасады.

Конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін кандидаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы келесі құжаттарды (universitycontest2025.iac.kz) ұсынады:

  • осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға арналған нысан бойынша өтінім;
  • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер);
  • осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жылдық жұмыс жоспары-кестесі;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 17-19 қараша аралығында.

Байқаудың II кезеңі 2025 жылдың 1 желтоқсанында басталып, 2025 жылдың 12 желтоқсанына дейін жалғасады.