Біртұтас көлік жүйесі

Курманбаев Дамир Кадырханович

Оқытушының портфолиосы

Абеджанова Арай Сайлаубеккызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән мемлекет инфрақұрылымындағы көлік кешенінің орны мен рөлін, әртүрлі көлік түрлерінің жіктелуі мен функционалдық мүмкіндіктерін, жүк және жолаушылар тасымалына тарифтерді қалыптастыру әдістерін, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында саланың жұмыс істеу ерекшеліктерін айқындайды. Көлік жүйелерінің пайдалану сипаттамаларына кешенді талдау жасау және жылжымалы құрамды таңдау критерийлерін негіздеу дағдыларын қалыптастырады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Физика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Пәннің қорытынды бақылауы: емтихан тапсыру

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Әртүрлі көлік түрлерімен, халық тұтынысындағы тауардарды және өндіріс жүктерін автокөлік, темір жол, су және әуе көлігімен тасымалдаудың ерекшеліктерімен танысу; студенттердің көлік туралы білім негіздерін қалыптастыру;
Міндет
  • шаруашылық саласы ретінде және мемлекеттегі көлік роліне байланысты көлік саласының айрықша ерекшеліктерімен таныстыру; - әртүрлі көлік түрлерінің технико-пайдаланымдық және технико-экономикалық негізгі көрсеткіштерін оқу; - әртүрлі көлік түрлерінде жүк және жолаушы тасымалдауда тарифтерді қалыптастырудың негізгі принциптерін оқу; - аралас қатынаста жүктерді жіберу тәсілдерімен таныстыру; - көліктік пункттермен түйіндердің жұмысы және олардың мемлекеттегі ролі туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жалпы көліктік мәселе және жеке көлік түрлерінің ерекшеліктерін ескеріп көліктік кешенді қалыптастырудың заңдылықтары туралы студенттердің білімін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттеуін тиімді ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, олардың негізгі пайдалану және технико-экономикалық параметрлерін ескеріп қолдануға үйрету.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Нақты тасымалдауларды орындау үшін көлік түрін және көліктік түйіндер жұмысын аймақтық ұйымдастыру әдістерін таңдауды орындау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Пәнді оқытудың нәтижесінде студент терең кәсіби даярлығын әртүрлі көлік түрлерін өзара әрекеттесуін ұйымдастыру бойынша қазіргі деңгейде жаңа ғылыми, өндірістік және ұйымдастырушылық шешімдерді үйлестіре алу қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби қызметі аумағында қазіргі заманғы техниканы және ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі бойынша дағдыларын қалыптастыру