Инженерлік білім беруге кіріспе
Сипаттама: Пән орнықты даму мен экологиялық қауіпсіздік үрдістерін ескере отырып, көлік қызметі саласындағы инженерлік даярлық негіздері туралы түсінік қалыптастырады. Инженерлік қызметтің ерекшелігін, оқыту құрылымын және маманның кәсіби құзыреттіліктерін айқындайды. Көлік қызметі нарығының жұмыс істеу қағидаттарын, тасымалдау процесін басқару әдістерін және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады. Ғылыми-зерттеу жұмысының, қосымша білім алудың және жұмысшы мамандарын меңгерудің рөліне ерекше көңіл бөлінеді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| диф.сынақ | |
| Қорытынды бақылау нысаны | диф.сынақ |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер